Астанадағы қонақүй қызметкері Түркиядан келген туристің 16 алтын әшекейін ұрлап кеткен

19 маусым, 2025 / Дана Ізтілеуова
istockphoto.com

Түркия азаматы Астанадағы қонақүйлердің бірінде алтын әшекей бұйымдары жоғалғанын айтып, полицейлерге жүгінген, деп хабарлайды turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Түркиядан келген турист Астанадағы қонақ үйлердің біріне тоқтаған. Еліне оралғаннан кейін ол қонақүй бөлмесінде ұмыт қалдырған алтын әшекейлерінің жоғалғанын анықтаған. Әйел дереу құқық қорғау органдарына жүгінген.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 8 жұп сырға, 8 сақина және екі алтын алқадан тұратын зергерлік бұйымдарды қонақ үй қызметкері иемденіп кеткені белгілі болды. Полицейлердің жедел әрі үйлесімді жұмысының нәтижесінде ұрланған мүлік табылып, иесіне қайтарылды", – делінген хабарламада.

Түркия азаматы полицейлерге жедел әрі үйлесімді әрекеттері үшін шынайы ізгі тілегін жеткізді.

Тэгтер:

Ұрлау қонақүй қызметкері әшекей заттарды ұрлау Түркиядан келген турист