Назарбаев университетінің жатақханасында студент қыздың мәйіті табылды

18 маусым, 2025 / Алуа Арман
Фото: Nazarbayev University

Студент қыздың мәйіті Назарбаев Университетінің жатақханаларының бірінен табылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл ақпаратты Назарбаев Университетінің баспасөз қызметі растады.

«NU жатақханаларының бірінде орын алған қайғылы оқиға туралы терең өкінішпен хабарлаймыз. Қыздың туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз. Қазіргі таңда жағдай бақылауда: тиісті жедел шаралар жүргізілуде, құқық қорғау органдары мен психологтар жұмыс істеп жатыр. Университет тарапынан материалдық және моральдық қолдау көрсетіліп жатыр», – деп хабарлады оқу орны.

Уәкілетті органдар мен университет расталмаған немесе жалған ақпарат таратпауға шақырады.

Тэгтер:

студент қыз Жатақхана университет бойжеткен Назарбаев университеті