Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі Марат Байқамұров Будапешттегі (Венгрия) әлем чемпионатының 1/8 финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қазақстандық балуан 1/8 финалда Олимпиада чемпионы әзірбайжандық Зелим Коцоевпен белдесіп, иппон әдісімен жол берді.
Айта кетейік, ел қоржынында бір күміс медаль бар. Әбиба Әбужақынова 48 келіге дейінгі салмақта екінші нәтиже көрсеткен болатын.