Астана тұрғынын 2024 жылдың жазында ит тістеп алған. Салдарынан ол ұзақ емделген, құтыруға қарсы вакцинация курсын алып, ауыр эмоционалды күйзеліске ұшыраған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Кейін сотқа жүгініп, 1 миллион теңге мөлшерінде моральдық шығын өндіруді талап еткен.
Ит иесі болса зардап шегушінің өзі итке арандатушылыққа жасағанын түсіндіре отырып, талапты мойындамады және зиянды өтеу үшін материалдық мүмкіндіктің жоқтығын жеткізді. Сондай-ақ, жауапкер оқиға болған сәттен бастап 6 айдан астам уақыт өткенін көрсетті.
Сот процесінде медициналық құжаттармен, фотосуреттермен, бейнежазбалармен және айғақтармен расталған мәліметтерге сәйкес, талап қоюшыны иттің бірнеше рет тістеп алғаны анықталды.
Жауапкер бұрын итті тұмсық торсыз серуендеткені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Сот шешімімен талап қоюшының моральдық зиянды өтеу туралы талап қоюы ішінара қанағаттандырылды.