Жаңалықтар

ҚазАқпаратқа жаңа басшы тағайындалды

ашық дереккөзі

ҚазАқпаратқа жаңа басшы тағайындалды

«ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің бас директоры қызметіне Асқар Омаров тағайындалды. Жаңа басшыны агенттік ұжымына ҚР Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Алан Әжібаев таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Асқар Омаров 1976 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. «Тұран» университетінде халықаралық экономикалық қатынастар мамандығы бойынша білім алған. Әр жылдары  «Новости Недели» ЖШС-ның тілшісі, саясат бөлімінің меңгерушісі (2001-2004 жылдары), «Қазақстан» РТРК» АҚ Ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясының шеф-редакторы, директордың орынбасары (2004-2006 жылдары), «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның бас менеджері қызметтерін атқарған. Сондай-ақ «Нұр Медиа» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары (2008-2010 жылдары), «Түркі академиясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының вице-президенті (2011-2013 жылдары),  «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның басқарушы директоры (04.2014-09.2014) лауазымдарында қызмет еткен. Қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерін жетік біледі. Түркі әлемін зерттеуге арналған бірқатар фильмнің, көптеген ғылыми-танымдық жарияланымның авторы, «Мәдениет қайраткері» құрмет белгісінің иегері. Түркітілдес мемлекеттердің алғыс хаттарымен марапатталған.