Актриса, кинопродюсер Дариға Бадықова «Ыстық ұя» атты жаңа фильм түсіруге кірісті.
Актриса Ревью бағдарламасына берген сұхбатында аталған фильмде бауырлар арасындағы байланыс, туыстық қарым-қатынас сипатталатынын айтты.
«Бізде қазақта қай бауыр мықтырақ, қай бауыр несібесін сырттан теріп жейтін, қай бауыр табыскер болса, сол бауырдың үстіне бәрі мініп алады. Ол бауыр шынында қиналып табады, оның бір күйзелісі болады, онда бір стресс болады, ол қатарының алды болғысы келеді. Соны түсінгісі келмейтін бауырлар бар, ата-аналар бар. Бұл кинода сол нәрсе көрсетіледі», – дейді ол.