Түркістан облысында колледж студентін зорлап, өлтірген күдікті шетел азаматы болып шықты

Бүгін, 15:21 / Алуа Арман
istockphoto.com

6 маусым күні таңғысын Түркістан облысының Төрткүл ауылында 16 жастағы бойжеткеннің мәйіті табылған болатын, деп жазады turkystan.kz.

Ол колледждің бірінші курсында оқыған. Сол ауылдағы дүкенде жұмыс істеген. Сол күні үйіне қайтып бара жатқан. Күдікті ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Ол шетел азаматы болып шықты.

«Шетелдік күдікті қамауға алынды. Қазір тергеу жүріп жатыр. Оның барлығын содан кейін айтамыз», - деді бүгін Мәжіліс кулуарында Ішкі істер министрі Ержан Сәденов.

Тэгтер:

күдікті шетел азаматы Шетелдік 16 жастағы қыз бойжеткен