Семейде 6 сынып оқушысын жабылып ұрған балалардың әке-шешесі ата-аналық құқығынан айырылды

Бүгін, 11:52 / Алуа Арман
видеодан скриншот

Ақпан айында әлеуметтік желіде бір топ баланың ұл баланы жабылып ұрып жатқан видеосы тараған болатын, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға Семейде болған. Қатарластары 6 сынып оқитын, 11 жастағы ұл балаға жабылған. Жабылғандар арасында 13 және 16 жастағы екі қыз бала да болған. Сол кезде сот екі қызды арнайы мектепке жіберген. 13 жастағы ұл баланы ерекше режимде ұстайтын мектепге жіберген. Тағы үшеуі есепке алынған болатын. Бәріні ата-анасына айыппұл салынған. Педагогтар да жазаға тартылған. Мектеп директоры қызметінен босатылған. Ал таяқ жеген ұл баланың отбасына қазақстандықтар 35 млн теңге жинап беріп, ол отбасы басқа ауданнан пәтер сатып алған.

Енді сот 13 және 16 жастағы қыздардың ата-анасын ата-аналық құқығынан айырды.

«Спирттік ішімдіктер ішуі, бірнеше мәрте әкімшілік жауапкершілікке тартылуы, есірткі және полиция есебіне алынуы, тәрбиеге бейқам қарауы оларды ата-аналық құқығынан айыруға негіз болды. Одан бөлек ата-аналардан алимент пен мемлекеттік баж өндірілді. Кәмелеттік жасқа толмаған қыздар қамқоршылық және қорғаншылық органдарында», - деді Абай облысының Кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты.

Тэгтер:

оқушы Семей Жасөспірім ата-аналық құқық жабылып ұру 6 сынып оқушысы