Денсаулыққа қауіпсіз: Микробиолог дәретхана қағазын қалай дұрыс ілу керек екенін айтты

18 маусым, 2025 / Ербұлан Қайрат
сурет: istockphoto.com

Британдық Лестер университетінің микробиологы Праймроуз Фристоун дәретхана қағазын қалай ілу керек екенін айтты, деп жазады Daily Mail. Оның айтуынша, рулонды жыртатын шеті қабырғаға қарап тұратындай етіп ілу керек, яғни қағаз астынан тартылады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Маманың ойынша, бұл тәсіл қағазды тазалық сақтай отырып пайдалануға мүмкіндік береді. Ал егер қағаз сыртқа, үстінен тартыла ілінсе, жырту үшін бір қолмен қағазды, екінші қолмен рулонды ұстауға тура келеді. Бұл кезде қолдағы микробтар қағазға жұғуы мүмкін. Ал ол қағаз кейін денеңнің ең сезімтал жеріне тиеді.

«Қағаз қабырға жаққа қарап тұрса, оны қолды артық қимылдатпай, тез әрі оңай жыртып алуға болады. Ең бастысы, рулонды ұстаудың қажеті жоқ, сол арқылы бактерия жұғу қаупі де азаяды, – дейді Фристоун.

Ваннада бактерия жұғатын жер өте көп: есік тұтқасы, унитаз, раковина, тіпті өз қолыңның бірінен екіншісіне де микробтар жұғуы мүмкін. Сол себепті дәретханада тамақ ішуге, су ішуге немесе телефон ұстауға болмайды.

Daily Mail дерегінше, дәретхана қағазының патенті осыдан 150 жылдан астам уақыт бұрын, 1891 жылдың 15 қыркүйегінде америкалық өнертапқыш Сет Уилерге берілген. Қызығы сол патенттегі сызбада қағаздың шеті сыртқа қарап тұрған.

Айта кетейік, бұған дейін Бостон қаласындағы Солтүстік-Шығыс университетінің ғалымдары тіс щеткаларында ғылымға беймәлім жүздеген вирус барын анықтаған болатын. АҚШ-тың түкпір-түкпірінен жиналған үлгілерді ДНҚ арқылы зерттеген ғалымдар 614 түрлі вирус тапқан, оның жартысы бір-ақ рет кездескен. Зерттеушілер әр щетка мен саптаманы «шағын вирус аралына» теңеді: олар бір-біріне мүлде ұқсамайды.

Тэгтер:

бактерия дәретхана қағазы қауіпті ілу микробиолог