Сыра сатпағаны үшін сатушы әйелді соққыға жыққан ақтаулыққа қатысты үкім шықты

18 маусым, 2025 / Дана Ізтілеуова
видеодан скриншот

Ақтау қалалық сотында қаладағы дүкендердің бірінде сатушы әйелді ұрған тұрғынға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Ішімдікке мас тұрғын түнгі сағат 02:31 шамасында Ақтау қаласы 27 шағын ауданында орналасқан «Ақсу» дүкенінде сыра сатпағаны үшін сатушының оң жақ бетінен ұрып, соққы жасаған.

Прокурор сотталушыға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындауды сұрады.

Сатушы өзін ұрған тұрғынға кешірім бермейтінін, оған қатысты заң бойынша қатаң жаза тағайындауды сұрады.

Нәтижесінде, Ақтау қалалық соты оны ҚК-нің 293-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Тэгтер:

соққыға жығу Ақтаулық сатушыны ұрған тұрғын сыра сату