Жұртқа зейнетақы қорынан ақша алып бермек болған алаяқ сотталды

Бүгін, 10:43 / Алуа Арман
istockphoto.com

Елорда тұрғыны «WhatsApp» қосымшасында жалған хабарлама жариялаған, деп жазады turkystan.kz.

Ол азаматтардың назарын аудара отырып, зейнетақы жинақтарының жеткіліктілік шегіне жетпеген тұлғаларға БЖЗҚ-дан қаражат алу қызметтерін ұсынған.

Алаяқ өз міндеттемелерін орындау мүмкіндігі болмағанына қарамастан, зейнет жасындағы адамдардан 50 мыңнан 500 мың теңгеге дейін ақша алған.

Барлығы 17 осындай қылмыс жасап, жалпы сомасы 3 млн теңгеден асатын қаражатты иемденген.

Сотта кінәлі тұлға өз кінәсін толық мойындап, жәбірленушілерге залалды толық өтеген.

Сот үкімімен ол сотталды.

Тэгтер:

Алаяқ Сот зейнетақы қоры