Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинді Астана әуежайынан шығарып салды

Бүгін, 10:17 / Алуа Арман
Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге құрмет көрсетіп, елорда әуежайынан шығарып салды.

Кеше Астанада 5 мемлекеттің, яғни Қазақстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Тәжікстан, Өзбекстанның басшылары мен Қытай Халық Республикасының Төрағасының қатысуымен екінші «Орталық Азия – Қытай» саммиті өткен болатын.

Форум қорытындысы бойынша мемлекеттер басшылары екінші «Орталық Азия – Қытай» саммитінің Астана декларациясына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Түрікменстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы және Қытай Халық Республикасы арасындағы мәңгі тату көршілік, достық пен ынтымақтастық туралы шартқа қол қойды.

Тэгтер:

Қытай саммит Орталық Азия Си Цзиньпин