Мәскеулік адвокат клиентін пәтер үшін өлтіріп, денесін зоокремацияға арналған пеште өртеген, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қайғылы оқиға өткен жылдың қазан айының соңында Мәскеу облысының Солнечногор ауданында марқұмға тиесілі елді мекендегі үйде болған.
«Сол кезде бірнеше жыл бойы қорғаған клиентімен адвокат Сергей Зуев тұрғын үйді сату мәселесіне байланысты жанжалдасып қалған. Клиентінің мүлкін сатып алғысы келген адвокат оны үш рет пышақтап өлтірген. Ер адам оқиға орнында көз жұмған», — делінген хабарламада.
Қылмыстан кейін Зуев серіктесімен бірге марқұмның денесін өзіне тиесілі мал шаруашылығы фермасындағы кремация пешінде өртеген.
«Кісі өлтірушінің досы оған Солнечногор ауданындағы сол ауыл үйін бес миллион рубльге сатуға көмектескен», — деп хабарлайды SHOT Telegram арнасы.
Біраз уақыт өткен соң марқұмның танысы полицияға жүгінген. Тергеу бірнеше айға созылып, Мәскеу қалалық тергеу комитеті мен құқық қорғау органдарының бірлескен жұмысы нәтижесінде Зуев пен оның сыбайласы ұсталды.
Адвокат қазір тергеу изоляторында отыр.