«Қалаулым» қатысушысы Зарина Сапар экс-күйеуі Айдос Игіліковтен көрген қорлығы туралы айтты. Ол бұл туралы Жанерке Сейфуллинаға берген сұхбатында айтқан, деп жазады turkystan.kz.
«Қалаулымда» өзімнің қасымда отырған қатысушы алып қашты. Айдос Игіліков. Редакция да сенбейді, қатысушылар да сенбейді. Өзіміз үшін де сенгісіз дүние. Біз мүлдем жұп болып жүрген емеспіз. Тіпті флирт болған емес. Айдостың мені сырттай ұнататынын білетінмін. Себебі мен ауылға да барам, түзге де барам деп тұрған, кішкентай, қазақи қыз едім. Содан ол мені түзеп алуға болатын қыз деп ойлады. Ол алып қашқанда бәрінің «жарасасыңдар» деген сөзіне сеніп, ұят болады деп қалдым. Бірақ неге екенін білмеймін, мен барғанда да, жолда да ұйықтап жаттым. Бір нәрсе ішкізіп ұйықтатуы да мүмкін бе деген күдік туады. Келін болып түскенде барған жерім адал келді ме деп төсегімді тексерді», - дейді ол.
Айтуынша Айдос небәрі екі жарым аптадан кейін қол көтеруді бастаған.
«Басында бәрі тамаша болды. Ең алғаш көңілім қалған сәт – өзімнің ақшамды анама жібергенім үшін әңгіме айтты. Ол Айдоспен үйленгенге дейін тапқан ақшам. Сол кезде ұрсып, боқтады. Естен танып, жерге құлағанша ұрды. Із қалмайтын, адам көрмейтін жерлерден ұратын. Бұл – жоспарлы түрде қол көтеру. Қылқындырып жерден көтеріп алған кезі болды. Үйіме қоңырау соқпасын деп телефонымды сындырып тастайды. Қол көтеру үйленгеннен кейін екі жарым аптадан соң басталды», - дейді ол.
Айта кетейік, Айдос Игіліков танымал журналист, Түркістанда белгілі телеарнада жұмыс істеген.