Сәкен Мұсайбеков «Барыс» хоккей клубының бас директоры қызметіне тағайындалды

17 маусым, 2025 / Дана Ізтілеуова
hcbarys.kz

«Барыс» хоккей клубына жаңа бас директор тағайындалды.

«Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» корпоративтік қорының шешімімен «Барыстың» бас директоры қызметіне Сәкен Мұсайбеков тағайындалды.

Сәкен Мұсайбеков спорт саласында басшылық қызметтерде еңбек еткен. Бұған дейін ол Қазақстан хоккей федерациясы бас директорының қызметін атқарды.

Тэгтер:

бас директор Барыс хоккей клубы Сәкен Мұсайбеков