Биржада доллар бағасы бірден 5 теңгеге өсті

17 маусым, 2025 / Алуа Арман
istockphoto.com

Қазақстан қор биржасындағы 17 маусымдағы сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 517,45 теңгені құрады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бір күн ішінде ол 4,85 теңгеге қымбаттады.

Қазақстандағы айырбастау пунктерінде валюталар келесідей бағамен сатылып жатыр:

доллар: сатып алу – 517-519,5 теңге, сату – 520-521 теңге;

еуро: сатып алу – 593-595 теңге, сату – 598-599 теңге;

рубль: сатып алу – 6,45-6,5 теңге, сату – 6,55-6,6 теңге.

ICE биржасындағы Brent маркалы мұнайдың тамыз айындағы фьючерстерінің бағасы барреліне 74,5 долларды құрайды.

 

Тэгтер:

Доллар Валюта теңге