Ираннан Әзербайжан арқылы 600-ден астам адам эвакуацияланды

17 маусым, 2025 / Алуа Арман
istockphoto.com

Шиеленіс күшейгеннен кейін Ираннан Әзербайжан арқылы 17 елден 600-ден астам адам эвакуацияланды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Олардың арасында Қазақстан, Әзербайжан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Германия, Испания, Италия, Сербия, Румыния және Португалия,  АҚШ, БАӘ, Қытай және Вьетнам азаматтары бар.

Эвакуацияланған азаматтардың айтуынша, Иранда әлі де жүздеген адам шекарадан өту кезегін күтіп отыр.

13 маусымға қараған түні Израиль Ирандағы нысандарға соққы жасай бастады. Ел билігі Иранның ядролық бағдарламасына соққы бергендерін мәлімдеп, қарсы шабуылдар болу қаупіне байланысты төтенше жағдай режимін енгізді.

 

 

Тэгтер:

Әзербайжан шекара соғыс иран