Астанадағы автобус апаты: Екі аяғынан айырылған 8 жастағы қыз ауруханадан шықты

Бүгін, 12:48 / Алуа Арман
фото: inbusiness.kz

Жантүршігерлік жол апатынан зардап шегіп, екі аяғын кесуге мәжбүр болған 8 жастағы Алуа Бекен ауруханадан үйіне шығарылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов хабарлады.

«Барлық зардап шеккендерге, соның ішінде 8 жастағы балаға да, дер кезінде шұғыл медициналық көмек көрсетілді. Бала бүгін ауруханадан шығарылды. Медициналық көмек толық көлемде көрсетілді. Өкінішке қарай, бәріміз білетіндей, аяғын ампутациялауға тура келді. Мұның бәрі өмірін сақтау үшін жасалды», – деді вице-министр.

Сондай-ақ, Мұратов 8 жастағы Алуа реабилитацияны тұрғылықты мекенжайы бойынша өтетінін айтты.

Тэгтер:

Аурухана Жол апаты Автобус Алуа Бекен