«Вокзалға бомба қойылған»: Алматы тұрғыны жалған хабар бергені үшін сотталды

17 маусым, 2025 / Алуа Арман
istockphoto.com

Алматы қаласының 44 жастағы тұрғыны теміржол вокзалдарында жарылғыш зат қойылғаны туралы бірнеше жалған хабар бергені үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол жазасын өтеу барысында төрт рет таксофон арқылы қоңырау шалып, жарылғыш зат қойылғаны жайлы хабарлаған.

Оның әрекеттері эвакуация мен төтенше қызметтердің жұмылдырылуына себеп болды. Жалған дабылдың салдарынан мемлекеттік органдарға келтірілген шығын 3,3 млн теңгеден асты.

Жүргізілген сараптамалар қоңырау шалған адамның жеке басын және оның сөздерінде тікелей қауіптің болғанын растады.

Сот ер адамды Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабы бойынша кінәлі деп таныды.

Сотталушы мемлекетке келтірілген шығынды өтеуге және өтемақы төлеуге міндетті.

Тэгтер:

бомба жарылғыш зат хабар вокзал