«Қызыл раушан» хитінің авторы ішімдікке тәуелді болып, көшеде өмір сүріп жатыр (ВИДЕО)

Бүгін, 11:38 / Алуа Арман
Ғаламтор

Блогер Рахат Маратов баспанасыз, көшеде ұйықтап жатқан ер адамды оятып, сұхбаттасқан видеосын желіге жүктеді, деп жазады turkystan.kz.

Ер адам өзін Шуақ Рахымберді деп таныстырған. Өзінің хит болған «Қызыл раушан» әнінің сөзін жазғанын, оны танымал әнші Ұланғасыр Қамиге мың жарым долларға сатқанын айтқан.

«Менің Қызыл Раушаным. Бақытты бол. Мен де бақыттымын. Ол менің жұбайым. Мен бұл әнді соған арнадым», - дейді ол.

Сондай-ақ, ол ақын Мұхтар Ниязовтың шәкірті болғанын айтып, өткенін қозғамауды өтінді.

 

Тэгтер:

Көше хит Ұланғасыр Қами қызыл раушан