Астанада Министрліктер үйі жанында екі автобус соғылды

Бүгін, 11:14 / Алуа Арман
видеодан скриншот

Елордадағы басты көшелердің бірінде, Министрліктер үйінің жанында жол апаты болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Екі жолаушылар автобусы соғылған. Қазір апаттың мән-жайы анықталып жатыр.

Еске салайық, бұған дейін де Республика даңғылында екі автобус жол апатына ұшыраған болатын. Бірінші жол апатында 8 жастағы оқушы қыз Алуа Бекен зардап шегіп, дәрігерлер оның екі аяғын кесуге мәжбүр болған. 

 

 

 

Тэгтер:

Жол апаты Автобус автобус соғылды Министрліктер үйі