Ақтөбеде Расул мен Полина Саматовтардың отбасында үшем дүниеге келді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Амир, Амин және Айша есімді үшем перзентханадан шығарылды.
Медициналық университет кафедрасының профессоры Светлана Шиканованың айтуынша, статистика бойынша үшемге жүкті болу — сирек кездесетін жағдай, әсіресе ЭКО технологияларынсыз.
«Полинаның отбасында көпбалалы жүктілікке тұқым қуалайтын бейімділік бар. Жүктілік пен босану кезеңі сәтті өтті. Үш сәби қанағаттанарлық жағдайда үйге шығарылуда», — деді сарапшы.
Расул мен Полинаның бес жасар Даяна мен үш жасар Ислам есімді балалары бар. Жас отбасын қуаныштарымен облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері және Ақтөбе қаласы Астана ауданының әкімі құттықтады.
Айта кетейік, жыл басынан бері өңірде 5 255 сәби дүниеге келген. Оның ішінде 51-і — егіздер, ал екеуі — үшем.