АҚШ президенті Дональд Трамп өз атынан жаңа смартфон щығармақ. "T1" деп аталатын құрылғының түсі – алтын түстес, бағасы – $499, деп хабарлайды turkystan.kz trumpmobile.com-ға сілтеме жасап.
Смартфонның техникалық сипаттамаларына қарағанда, ол Қытайда жасалған Android құрылғысы, тек сыртқы қаптамасы мен логотипі өзгертілген болуы мүмкін.
T1 смартфонының сипаттамалары:
- 6,8 дюймдік AMOLED дисплей
- Жедел жады –12 ГБ, ішкі жады – 256 ГБ
- Үш негізгі камера – 50 МП + 2 МП + 2 МП
- 5000 мАч батарея
Процессоры туралы ресми ақпарат жоқ. Дегенмен, өндірушілер құрылғының корпусында «Made in USA» деген жазу болатынын уәде етті.