«Үш балам бар, кеткен адам қайтып келмейді» – Ағайынды Тоқтаубаевтардың анасы

Бүгін, 10:15 / Алуа Арман
видеодан скриншот

Жақында марқұм Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот процесі аяқталып, айыпталушыларға үкім шыққан болатын, деп жазады turkystan.kz.

Осы іс бойынша 7 және 15 жылға сотталған ағайынды Нұрбол мен Азамат Тоқтаубаевтардың анасы Айгүл Кемелбекова «Ел дауысы» ютуб арнасына берген сұхбатында тергеудің басынан дұрыс жүрмегенін айтады.

«Кеткен адам қайтып келмейтіні белгілі. Оны да түсініп тұрмыз. Төбелес кезінде біріне бірі басу айтып, алып кетулеріне болатын еді. Қазіргі жастар қызуқанды. Амал қанша. Сол топта болғаннан кейін менің де балаларым кінәлі. Нұрбол мектеп бітіріп, оқуын оқыды. Мамандығымен жұмыс істеп жатыр. Нұрболдың қандай екенін бүкіл ауыл біледі. Азамат бәлен рет сотталған деп түймедей нәрсені түйедей етудің қажеті жоқ. Жігіт болғаннан кейін араларында төбелес болады. Бала болды. «Бір биеден ала да туады, құла да туады» дейді ғой. Мен Азаматқа бөлек тәрбие, Нұрболға бөлек тәрбие берген жоқпын. Үш балам бар. Үлкені Нұрбол, ортасында Азамат, одан кейін мектепте оқитын қызым бар. Ұлдарымды бүкіл Қазақстан қанішер деп пікір жазып жатыр. Балаларымыз үшін күйіп отырмыз. Бала үшін отқа да, суға да түсіп жатырмыз. Тергеу басынан дұрыс жүрмеген», - дейді ол.

Тэгтер:

Шерзат Полат Азамат Тоқтаубаев Айгүл Кемелбекова Нұрбол Тоқтаубаев