Жамбылда супермаркет жарнамалаймын деп көліктің әйнегін сындырған блогер қамауға алынды

Бүгін, 10:10 / Дана Ізтілеуова
видеодан скриншот

Жамбылдағы супермаркеттердің бірінің жарнамасын түсіру кезінде қоғамдық тәртіпті өрескел бұзған блогер қамауға алынды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тұрғындардың назарын аудартуға тырысқан блогер қойылым ретінде автокөліктің алдыңғы әйнегін сындырған және жолаушымен дөрекі дауыспен сөйлесіп, өтіп бара жатқан адамдарды шошытқан.

Полиция құқық бұзушыны анықтап, оны ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Нәтижесінде блогер үшін 10 тәулікке қамалды.

Полиция қызметкерлері азаматтарды көшеде және қоғамдық орындарда заңды бұзбай, өзгелердің өміріне қауіп төндірмеуге, жолда тәртіпті қатаң сақтауға шақырады.

Тэгтер:

супермаркет жарнама көліктің әйнегі жамбылдық блогер