Абылайхан Жұбаназар әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты

16 маусым, 2025 / Алуа Арман
Спортты дамыту дирекциясы

Будапештте өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионаты Абылайхан Жұбаназар үшін сәтті өтуде, деп хабарлайды turkystan.kz.

81 келі салмақ дәрежесінде күресетін отандасымыз жарыстың екінші айналымында бразилиялық Габриэль Фалькаоны жеңіп, 1/8 финалға жолдама алды.

1/8 финалда Абылайхан қазіргі Европа чемпионы Тимур Арбузовпен (IJF) татамиге шығады.

Тэгтер:

әлем чемпионаты дзюдо финал Абылайхан Жұбаназар