Леонид Слуцкий алматылық «Қайрат» клубын жаттықтыруы мүмкін

16 маусым, 2025 / Дана Ізтілеуова
ашық дереккөзден

54 жастағы ресейлік маман Леонид Слуцкий алматылық «Қайрат» клубының бас бапкері болуы мүмкін, деп хабарлайды turkystan.kz KazFootball.kz-ке сілтеме жасап.

«Қайрат» «Ордабасы» командасынан жеңіліп (0:1), Қазақстан кубогінен сырт қалды. Сонымен қатар команда кейінгі кезде ҚПЛ-де тұрақсыз ойын көрсетіп жүр – «Оқжетпес» (1:2), «Елімай» (0:1) клубтарынан жеңілсе, «Жетісу» (2:2) командасымен тең түсті. Егер жақын арада өтетін ойындарда жақсы нәтиже тіркемесе, алматылық клуб басшылығы клубқа жаңа бапкер тағайындамақ. Бейресми деректерге сүйенсек, бапкерлікке үміткерлердің қатарында ресейлік маман Леонид Слуцкий бар.

Слуцкий қазір қытайлық «Шанхай Шеньхуа» командасын баптайды. Оған дейін ол қазандық «Рубин», нидерландтық «Витесс», ұлыбританиялық «Халл Сити», мәскеулік ЦСКА командаларында бапкер қызметін атқарған. 

Тэгтер:

бас бапкер Леонид Слуцкий алматылық «Қайрат» клубы