Петропавлда екі жасар бала шемішкеге қақалып қайтыс болды

16 маусым, 2025 / Алуа Арман
istockphoto.com

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Петропавл қаласында екі жасар бала шемішкеге қақалып қаза тапты.

«13 маусым күні Петропавл қаласындағы Бірлік шағынауданында екі жасар бала шемішкеден тұншығып көз жұмды», – деп хабарлады дүйсенбі күні Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркеліп, оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр.

Тэгтер:

Петропавл шемішке екі жасар бала