«Кетемін деп қорқытты»: Тойға мас болып барып, қымбат ішімдік талап еткен Төреғали Төреәлі сынға қалды

16 маусым, 2025 / Алуа Арман
Ғаламтор

Танымал әнші Төреғали Төреәлінің басы тағы да дауға қалды, деп жазады turkystan.kz.

Куәгерлердің айтуынша ол 55 жасқа толған жанкүйерінің тойына мас болып барған. Ұйымдастырушылардан 32 000 теңге тұратын виски ішімдігін талап еткен. Егер сахнаға дереу шықпаса, кетемін деп қорқытқан.

«Мереке болатын шығар деп ойладық. Ал ол ішіп келді, иіс мүңкіп тұрды. Фонограммамен ән айтты. Орындаушы ретінде де, адам ретінде де ұнаған жоқ», - дейді желідегі жазба авторы.

Әншінің өзі бұл жағдайға қатысты пікір білдірген жоқ.

Тэгтер:

әнші Мас Төреғали Төреәлі той