Алдағы күндері Қазақстанда 46 градусқа дейін ыстық болады

16 маусым, 2025 / Алуа Арман
istockphoto.com

Қазгидромет синоптиктері 17, 18 және 19 маусым күндері Қазақстанда ауа-райы қандай болатынын хабарлады, деп жазады turkystan.kz.

Елдің көп бөлігінде солтүстік-батыс циклонының өтуі ауа райының тұрақсыздығына әкеледі: жаңбыр, найзағай, екпінді жел күтіледі, 18-19 маусымда солтүстік-батыс пен солтүстікте қатты жаңбыр жауып, бұршақ болуы мүмкін.

Температуралық ауытқулар

Республиканың солтүстік-батысы мен солтүстігінде түнгі ауа температурасы 17-25 градустан 15-23 градусқа дейін төмендейді, күндіз 25-35 градустан 20-31 градусқа дейін түседі. Орталықта түнгі температура 18-25 градустан 15-22 градусқа дейін төмендейді, ал 17-18 маусым күндері күндіз қатты ыстық — 35-39 градус, облыстың оңтүстігінде өте қатты ыстық — 42 градус болады, 19 маусымда 27-32 градусқа дейін төмендейді.

Шығыста түнгі температура 12-23 градустан 17-25 градусқа дейін, күндіз 27-35 градустан 35-39 градусқа дейін көтеріледі, 19 маусымда кейбір аудандарда өте қатты ыстық — 40 градус болады.

Оңтүстік-шығыста түнгі температура 18-23 градустан 20-25 градусқа дейін сәл көтеріледі, күндіз қатты ыстық — 35-39 градус, 18-19 маусымда кей жерлерде өте қатты ыстық — 42 градус болады. Оңтүстікте күндіз ауа температурасы қатты ыстық — 43-46 градустан 30-38 градусқа дейін төмендейді.

Маусымда Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Бұған дейін Қазгидромет синоптиктері 2025 жылдың маусым айына арналған ауа райы болжамын ұсынған болатын. Күнтізбелік жаздың алғашқы айы алуан түрлі болмақ. Бұл айда ауа райы тұрақсыз болады — салқын және ыстық кезеңдер алмасып отырады, жаңбыр жауады, кей жерлерде қатты, найзағайлы, бұршақты және екпінді желмен бірге. Кей күндері шаңды дауыл болуы да мүмкін.

Тэгтер:

ауа райы Жаңбыр ыстық бұршақ