Дзюдошы Эсмигүл Куюлова әлем чемпионатының бірінші кездесуінде жеңіліп қалды

16 маусым, 2025 / Алуа Арман
Спортты дамыту дирекциясы

Будапешт (Мажарстан) қаласында дзюдодан өтіп жатқан әлем чемпионатының төртінші күні басталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

 Бүгін татамиге шыққан Эсмигүл Куюлова алғашқы белдесуінде словениялық Кая Кайзерге жол беріп, жарысты бірінші раундта аяқтады.

Бүгін татамиге тағы бір қазақстандық спортшы Абылайхан Жұбаназар шығады. Оның қарсыласы - молдовандық дзюдошы Петру Пеливан.

Тэгтер:

әлем чемпионаты жүлде дзюдо жеңіс жеңіліс