Павлодар облысында балықшы қайықтың қозғалтқышынан соққы алып, қаза тапты

16 маусым, 2025 / Алуа Арман
Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті

Павлодар облысының Черноярка ауылы маңында, Ертіс өзенінде балық аулап отырған, 1977 жылы туған ер адам моторлы қайықтан құлап, қозғалтқыш винтінен басына ауыр соққы алып, оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, ер адам құтқару кеудешесін киген. Алайда алған жарақаты ауыр болған.

Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті өңір тұрғындары мен қонақтарын су айдындарында, әсіресе моторлы қайықтарды пайдаланған кезде, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Құтқару құралдарының болуы қауіпсіздік ережелері бұзылған жағдайда қайғылы жағдайдың алдын әрдайым ала алмайды.

Тэгтер:

Су өзен Балықшы Ертіс