Қазақстандық таеквондошылар АҚШ-та өткен турнирде үш жүлде жеңіп алды

16 маусым, 2025 / Алуа Арман
olympic.kz

АҚШ-тың Шарлотт қаласында таеквондодан Гран-при сериясының алғашқы кезеңі өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстан құрамасы беделді турнирді үш жүлдемен аяқтады. Ұлттық құраманың қоржынында бір күміс және екі қола медаль бар.

АҚШ-та екінші орынды Нодира Ахмедова иеленді. Ол 49 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сәтті өнер көрсетті.

Үшінші орыннан Тамерлан Тілеулес (58 келіге дейін) пен Батырхан Төлеуғали (80 келіге дейін) көрінді.

 

 

 

 

Тэгтер:

Турнир Медаль жүлде таеквондо гран при