«Ұрып кетті»: Қаржаубай Нұрымовтың қорғаушысы оған қатысты тараған жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды

16 маусым, 2025 / Дана Ізтілеуова
Жоғарғы сот баспасөз қызметі

Жуырда желіде Қаржаубай Нұрымовтың соққыға жығылғаны туралы алып-қашпа әңгіме тараған болатын. Шерзат Полаттың сотында жәбірленуші тараптың қорғаушысы болған Мейірман Шекеев бұл қауесетті жоққа шығарды.

«Армысыздар бауырлар. Қазір Қаржаубайға қатытсы шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат тарап жатыр. Аллаға шүкір, Қаржаубай аман-есен, дін аман. Ешкім оған зиян келтірген емес. Сондықтан мұндай ақапартқа сене бермеңіздер.

Әлеуметтік желіде осы отбасына қатысты шындыққа сәйкес келмейтін ақапарт тарауда. Біз ол бойынша да жақын арада түсініктеме беретін боламыз», – дейді әнші.

Тэгтер:

жалған ақпарат Қаржаубай Нұрымов қорғаушы Мейірман Шекеев ұрып кету