Балабақшада балаларды сызғышпен ұрған тәрбиешіге үкім шықты

16 маусым, 2025 / Алуа Арман
видеодан скриншот

Шымкент қаласында «Ай Көркем» балабақшасының тәрбиешісі кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл қылмыстық істің қозғалуының себебі — қоғамда үлкен резонанс тудырған бейнежазба болды. Онда педагогтың бес жасар тәрбиеленушіні сызғышпен ұрып жатқаны көрінеді.

Оқиға 2025 жылғы 4 маусымда орын алған. 10 маусымда аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабының 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті — Жарылқап А. ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

2025 жылғы 12 маусымда Шымкент қаласының ауданаралық қылмыстық соты тәрбиешіні кінәлі деп танып, оған 80 сағат қоғамдық жұмыс түрінде жаза тағайындады.

 

Тэгтер:

Бала Балабақша тәрбиеші бала ұру