Алматы облысында теміржолда пойыз бен көлік соқтығысып қалды

Бүгін, 00:57 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Алматы облысында жүк пойызы Toyota Land Cruiser көлігімен соқтығысты. Оқиға 15 маусым күні таңғы уақытта «Жетісу – Алтынкөл» бағытындағы Жінишке су – Шелек теміржол өткелінде тіркелді, деп хабарлайды turkystan.kz. 

«Теміржол өткеліндегі бағдаршам мен шлагбаум белгісіне қарамастан, жүргізуші өткелге кіріп кеткен. Соның салдарынан жүк пойызымен соқтығысып, жол-көлік оқиғасы болды», – деп мәлімдеді «Қазақстан темір жолы» ҰК» баспасөз қызметі.

Жол апатынан адам өлімі тіркелген жоқ. Көлік жүргізушісі қолын сындырып, ауруханаға жеткізілді.

Пойыз қозғалысы 30 минутқа кешіктірілді, кейін қайта қалпына келтірілді.