«Екі ғашық» СИЗО-да»: Ілияс Сариевпен көңіл жарастырған Ақтоты Дүйсеева изоляторда отырады (ВИДЕО)

15 маусым, 2025 / Нұрлан Әлинұр
Видеодан скриншот

Танымал журналист Руслан Өтепбай қоғамда резонанс тудырған іске қатысты жаңа ақпарат жариялады, деп turkystan.kz.

Ол бұл туралы өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды. 

«Судья Искакбаеваның үкімімен күдікті Ақтоты Болатқызы Дүйсееваға қатысты 2 (екі) ай мерзімге «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілді. Ол дегеніміз Ақтоты тергеу амалдары кезінде бостандықта шалқып жүрмейді, сотты СИЗО-да күтеді деген сөз. «Екі ғашық» СИЗО-да, ал елдің ақшасы қайда? Мұны құзырлы орган анықтайды деп ойлаймын. 3 айдан бері жіті назарымда болған Ілияс пен Ақтотының ісі таяу күндері сотқа жолданады. Тың жаңалықтар болса, сіздерге хабар беремін», — дейді ол.