БҚО-да 10 тұрғын үй мемлекет меншігіне қайтарылды

14 маусым, 2025 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданында сатып алу құқығынсыз жалдамалы тұрғын үйді бөлу саласында заң бұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды облыстық прокуратура.

"2017-2025 жылдар аралығында салынған тұрғын үйлердің құрылысы тексерілді. Нәтижесінде жалпы құны 53 млн теңге болатын 10 тұрғын үйдің мемлекеттік меншікке тіркелмегені анықталды. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі өз міндетін орындамаған", - дейді прокуртура.

Яғни тұрғын үйлерді жергілікті атқарушы органдардың балансына қабылдау үшін қажетті мемлекеттік қызметтерге ақы төлемеген. Соның салдарынан бұл тұрғын үйлер мақсатына сәйкес пайдаланылмаған.

Прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде барлық 10 нысан тіркеліп, мемлекет меншігіне қайтарылды. Ал міндетін орындамаған мамандар жауапқа тартылды.