Қазақстан құрамасы волейболды отырып ойнаудан Азия чемпионы атанды

14 маусым, 2025 / Нұрлан Әлинұр
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Қытайдың Ханчжоу қаласында волейболды отырып ойнаудан өткен Азия чемпионатының финалында Қазақстан ұлттық құрамасы чемпион атанды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ұлттық құрама Қытай командасын 3:2 есебімен (22:25, 19:25, 25:19, 25:20, 8:5) жеңіп, өз тарихында алғаш рет Азия чемпионы атағына қол жеткізді. Жарыс барысында Қазақстан құрамасы іріктеу кезеңінде Сауд Арабиясы, Жапония және Аустралия командаларын, ал жартылай финалда Таиланд құрамасын 3:0 есебімен сенімді түрде жеңді.

Чемпионат қорытындысы бойынша бірінші орынды Қазақстан, екінші орынды Қытай және үшінші орынды Таиланд құрамасы иеленді.

Сондай-ақ чемпионат барысында жоғары шеберлік көрсеткен ұлттық құраманың бірнеше ойыншысы жеке марапаттарға ие болды. Эрик Каскабаев – үздік доп беруші, Шыңғыс Медеуов – үздік либеро, ал Алмат Оспанов – үздік блок қоюшы атанды.

Аталған нәтиже бойынша Қазақстан және Қытай құрамалары 2026 жылы Қытайда өтетін әлем чемпионатына жолдама жеңіп алды. Айта кетейік, волейболды отырып ойнаудан Азия чемпионаты 6–15 маусым аралығында өтті. Жарысқа 8 ерлер және 7 әйелдер ұлттық командасы қатысты.