Олардың төртеуін жедел жәрдем бригадасы Екібастұз қалалық ауруханасына жеткізді. Зардап шеккендер арасында 2009 жылғы қыз бала бар.
Өңірлік полиция департаментінен хабарлағандай «Астана-Павлодар» автожолында үш автокөлік соқтығысқан.
- Автобанның 118-шақырымында үш автокөлік соқтығысқан. Полиция жол-көлік оқиғасы бойынша тексеру жүргізуде, оның салдарынан 5 адам ауруханаға жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, - деп мәлімдеді департаменттің баспасөз қызметінен.
Ал өңірлік жедел жәрдем стансасының мәліметінше, жол апатынан 4 адам зардап шеккен. Олар – 2009 жылғы қыз бала және 1970, 1994, 1998 жылғы ер адамдар. Зардап шеккендердің барлығы Екібастұз қалалық ауруханасына жеткізілген.