Астанада Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері 5-қабаттың терезесіне шыққан қызды дер кезінде құтқарып қалды. деп хабарлайды turkystan.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Құтқарушылардың жедел әрекеті трагедияның алдын алды
Оқиға Сарыарқа ауданындағы бес қабатты тұрғын үйде болған. Төтенше жағдайлар департаментіне қыздың терезе алдына шығып алғаны туралы хабарлама түскен.
Құтқарушылар оқиға орнына шұғыл жетті
Арнайы автоколенкалы көтергіш қолданылды
Қызды терезеден түсіріп, дәрігерлерге тапсырды.
«Құтқарушылардың үйлесімді және жедел әрекетінің арқасында қайғылы жағдайдың алдын алынды. Қыз жедел жәрдем қызметіне тапсырылып, қажетті медициналық көмек көрсетілді»,– делінген ТЖМ хабарламасында.