Дзюдодан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Ғұсман Қырғызбаев Будапештте (Венгрия) өтіп жатқан әлем чемпионатында 1/4 финалға шықты.
Отандасымыз 66 келіге дейінгі салмақта израильдік Гуй Гутманмен кездесті.
Белдесу қосымша уақытқа дейін созылды. Нәтижесінде Ғұсман Қырғызбаев тиімді әдіс қолданып жеңіске жетті.
Келесі қарсыласы - Нурали Эмомали (Тәжікстан).