Тимур Бекмамбетов: "Тоқал алу – адамның жеке ісі"

Тимур Бекмамбетов: "Тоқал алу – адамның жеке ісі"

Тимур Бекмамбетов: "Тоқал алу – адамның жеке ісі"
ашық дереккөзі
Ғарыш туралы 3D форматта түсірілген ресейлік фильм экранға жол тартты. Қазақстандық кинорежиссер Тимур Бекмамбетов «Алғашқылар дәуірі» деп аталатын фильмнің тұсаукесерінде тоқал мәселесі туралы ойын айтты. Тұсаукесер Алматыда Bekmambetov Cinema кинотеатрында өткен болатын. Осы шарада тілшілер тоқал тақырыбын қозғап, белгілі режиссердің ойын сұрағанда, продюсер: «Бұны адамдардың жеке ісі деп санаймын. Қалай десек те мемлекеттің бұл мәселені реттеуге мүмкіндігі жоқ» - деп жауап берген. «Алғашқылар дәуірі» фильмінің продюсерлері Тимур Бекмамбетов, Евгений Миронов, Сергей Агеев, режиссері Дмитрий Киселев. Фильм аты аңызға айналған кеңестік ғарышкер, әлем бойынша ашық ғарышқа алғаш шыққан Алексей Леонов туралы.Бұл ашық ғарышқа алғаш рет ұшқан атақты «Восход-2» кемесінің тарихы. Фильм қазақ тіліне дубляжданған. Дереккөз: caravan.kz