Әбиба Әбужақынова әлем чемпионатының алтын жүлдесі үшін таласады

13 маусым, 2025 / Дана Ізтілеуова

Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Әбиба Әбужақынова Мажарстан астанасы – Будапештте өтіп жатқан әлем чемпионатында алғаш рет финалға шықты, деп хабарлайды turkystan.kz.

48 келіге дейінгі келіде белдесетін Әбиба жартылай финалда Испания спортшысы Лаура Мартинес Абеленданы жеңіп, шешуші кезеңге жолдама алды.

Финалда ол Асунта Скутто (Италия) мен Ширин Букли (Франция) арасындағы кездесудің жеңімпазымен алтын жүлде үшін таласады.

Еске сала кетейік, Әбиба бұған дейін әлем чемпионаттарының финалына шыға алмаған. Оның еншісінде әлем чемпионатының екі қола медалі бар.

Тэгтер:

әлем чемпионаты Әбиба Әбужақынова