Биржада доллар бағасы көтерілді

13 маусым, 2025 / Алуа Арман
istockphoto.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы 511,92 теңгені құрап, 0,22 теңгеге қымбаттады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстан Ұлттық банкінің 13 маусымға арналған ресми доллар бағамы — 511,77 теңге.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пункттерінде долларды сатып алу орташа есеппен 512,86 теңге, сату — 515,2 теңге. Астанада долларды орта есеппен 510,64 теңгеге сатып алып, 516,65 теңгеге сатып жатыр.

Еске салайық, 9 маусым күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,66 теңгеге, 10 маусымда 0,12 теңгеге, 11 маусымда 0,59 теңгеге арзандаған еді, ал 12 маусымда 3,45 теңгеге қымбаттады.

Тэгтер:

Доллар Валюта теңге бағам