Саусағыңыздың ұзындығы сіз туралы не айтады? – ғылыми зерттеу

13 маусым, 2025 / Ербұлан Қайрат
сурет: istockphoto.com

Ғасырлар бойы алақанға қарап қарап болашақты болжау сәнде болса, қазір ғылым бізге саусақ ұзындығы да көп сыр шертетінін дәлелдеп отыр, деп хабарлайды turkystan.kz dailymail.co.uk-ге сілтеме жасап.

Ғалымдардың айтуынша, сұқ саусақ пен шылдыр шүмектің ұзындығын салыстыру арқылы сіздің шыдамдылығыңыз, төзімділігіңіз және спортқа бейіміңіз туралы білуге болады.

Бұл 2D:4D қатынасы деп аталады. Яғни, сұқ саусақтың (2D) ұзындығы мен шылдыр шүмектің (4D) ұзындығының қатынасы. Егер шылдыр шүмек сұқ саусағыңыздан ұзын болса, онда сіздің төзімділігіңіз жоғары болуы мүмкін.

Зерттеушілер 12 елдегі 5 000-нан астам адам қатысқан 22 ғылыми еңбекті талдап, мынадай қорытындыға келді:
Ұзыншылдыр шүмек – ұзақ қашықтыққа жүгіруге, веложарыстарға және жалпы аэробикалық жаттығуларға бейімділіктің биомаркеры.

Университеттің зерттеушісі Бетани Гауэр былай дейді: "Саусақ ұзындығы мен шыдамдылық арасындағы байланыс – ғылыми негізделген факт. Бұл әдіс болашақ спорт таланттарын анықтауға немесе әуесқой спортшылардың өз мүмкіндіктерін түсінуіне көмектесуі мүмкін."

Сонымен қатар, 2D:4D қатынасы байқалған адамдардың:

Бірақ абай болыңыз! Ғалымдар саусақ ұзындығына қарап бәрін болжап кетуден сақ болуға шақырады. Ньюкасл университетінің психологы доктор Гарет Ричардстың айтуынша, бұл әдіс жатырға дейінгі гормоналды әсермен байланысты деп есептелгенімен, бұл теория нақты дәлелденбеген.

Сонымен қатар, зерттеулерде ұзын шылдыр шүмек кейде психопатиялық мінез, әлеуметке бейімделу мен тәуелділікке де байланысты болуы мүмкін екені айтылған. Ал сұқ саусақтың ұзын болуы агрессияның аздығына, төмен ауырсыну шегіне, семіздікке бейімділікке байланысты болуы мүмкін.

Тэгтер:

ғылым зерттеу Саусақ ұзындық сұқ саусақ балан үйрек шылдыр шүмек