«Сандырақтап тұр»: Тойда орысша тілек айтқан Тамара Асардың күйеуі сынға қалды

13 маусым, 2025 / Алуа Арман
фото: ozgeris.info

Сәкен Майғазиевтің жалғыз ұлы Әділеттің тойына барған Тамара Асар мен күйеуі сынға қалды, деп жазады turkystan.kz.

Әншінің күйеуі Жұмаш Бекмырза тойда орысша тілек айтқан.

«Адайлық қыздар өте керемет болады. Түсініктері мол, салт-дәстүрге берік. Айтар сөзім жоқ, тағы да құттықтаймын!» – деді ол.

Алайда желі қолданушылары оны қатаң сынға алды.

«Қазағыма қазағым орысша тілек айтып тұр ма?», «Орысша сандырақтады», «Сонша мақтаған әйелің қазақ тілін үйретпеген бе?», - деп жазды олар.

Тэгтер:

әнші той Тамара Асар Тілек Жұмаш Бекмырза