Арнольд Шварценеггерді ЭКСПО-2017 көрмесіне шақырды

Арнольд Шварценеггерді ЭКСПО-2017 көрмесіне шақырды

Арнольд Шварценеггерді ЭКСПО-2017 көрмесіне шақырды
ашық дереккөзі
Street Workout федерациясының Қазақстандағы вице-президенті Ислам Бадургов пен «Болашақ» стипендиаты Салтанат Керімбаева Арнольд Шварценеггерді Астанаға шақырды. Бұл туралы Ислам Бадурговтың өзі Facebook-тегі парақшасына жазған. - Бүгін Оңтүстік Калифорния университетінде мектептен кейінгі білім беру мәселесіне арналған Ұлттық саммит өтті. Іс-шараның ұйымдастырушысы әрі бас спикері Арнольд  Шварценеггер. Ресми бөлімі аяқталған соң Арнимен жеке сөйлесуге мүмкіндік туды. Оған өз жетістігіміз туралы айтып, құнды кеңестер алдым. Керемет болды. Арнимен кездесуіме көмектескені үшін Салтанат Керімбаеваға алғыс айтқым келеді. Және Шварценеггерді Астанаға, халықаралық  ЭКСПО-2017 көрмесіне шақырдық – дейді Бадургов. БАҚ таратқан мәлімет бойынша Шварценеггер Астанада өтетін көрмеге қызығушылық танытып отырған көрінеді.