Анкарада өткен ынтымақтастық кездесуі

13 маусым, 2025 / Дана Ізтілеуова

Түркия астанасы Анкара қаласында білім мен ғылым саласына арналған халықаралық мазмұндағы маңызды кездесу өтті. Бұл кездесудің негізгі мақсаты – Қазақстан мен Түркия арасындағы академиялық және ғылыми байланыстарды нығайту, жаңа серіктестік бағыттарын айқындау.

Кездесуге Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Философия және саясаттану факультетінің педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының докторанты Марат Болысбекұлы Әмірқанов арнайы шақырумен қатысты. Ол Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының бірі атанған, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің білім беру саласындағы тәжірибесі мен халықаралық ынтымақтастықтағы бастамалары туралы кеңінен баяндап берді.

Қабылдаушы тараптан кездесуге академия басқарма төрағасы профессор, PhD доктор Фахри Темизюрек және доктор Ерол Барын қатысып, Түркиядағы жоғары білім беру жүйесі мен халықаралық серіктестікке қатысты өз тәжірибелерін бөлісті.

Әңгіме барысында тараптар білім, мәдениет және ғылыми зерттеу салаларында бірлескен жобалар жүзеге асыру мүмкіндіктерін, студенттер мен оқытушылар алмасу бағдарламаларын және ғылыми мақалалар мен бірлескен конференциялар ұйымдастыру мәселелерін талқылады.

Аталған кездесу – екі ел арасындағы білім беру саласындағы өзара түсіністік пен сенімнің нығая түскенін көрсететін нақты қадам. Сонымен қатар, бұл кездесу тұрақты ғылыми байланыстарды дамытудың бастамасы ретінде бағаланды.

Анкарада өткен бұл кездесудің маңызы зор. Ол Қазақстан мен Түркия арасындағы достық пен әріптестік қарым-қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын айғақтайды.

Алдағы уақытта екіжақты келісімдер негізінде бірлескен ғылыми-зерттеу орталықтары мен академиялық бағдарламалар құру, жазғы мектептер ұйымдастыру және ғылыми тәжірибе алмасу жұмыстарын жүйелі түрде жүзеге асыру көзделуде.

Мұндай кездесулер – ХХІ ғасырдағы жаһандық білім беру кеңістігінде ұлттық университеттердің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың, халықаралық ғылым мен инновацияны дамытудың маңызды факторы. Бұл – Анкарада басталған, болашаққа бағытталған серіктестіктің алғашқы және сенімді қадамы.

Кездесу соңында тараптар бір-біріне естелік сыйлықтар табыстап, жақын арада бірлескен жобаларды жоспарлау туралы ниеттерін білдірді.

 

 

Тэгтер:

кездесу Анкара ынтымақтастық