Өскеменде 17 жастағы бозбала суға батып кетті

13 маусым, 2025 / Алуа Арман
pixabay.com

12 маусым күні инертті материалдар комбинаты маңындағы Ертіс өзенінің саласында кәмелетке толмаған жасөспірім суға батып кетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

ТЖД мәліметінше, 2008 жылы туған жасөспірім арнайы жабдықталмаған жерде шомылып жүріп суға батқан. Бұл жер қала тұрғындары арасында "земснарядтар" деп аталатын, шомылуға танымал орындардың бірі саналады.

Марқұмның денесін құтқарушылар жағадан 25 метр қашықтықтан алып шықты.

«Бұған дейін ШҚО ТЖД тек арнайы жабдықталған, құтқарушылар кезекшілік ететін және барлық қауіпсіздік шаралары сақталған орындарда ғана шомылу қажеттігі туралы ақпарат таратқан болатын», — деп атап өтті департамент.

Тэгтер:

Жасөспірім суға бату Өскемен бозбала батып кетті шомылу